Жемқорлық жарға жығады

Жемқорлық жарға жығады

Жемқорлық жарға жығады
ашық дереккөзі
422
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық филиалы «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» партиялық жобасы аясында дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп, сауалнамалар жүргізді. Партияның Мәртөк аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бисенғали Ағзамов азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тұрақты иммунитет қалыптаспайынша қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін еместігін айтты. «Сондықтан біз өз жұмысымызды осы бағытта жүргізіп жатырмыз», – дейді ол. Талқылау барысында партиялықтар сыбайлас жемқорлықтың тек салдарларымен күресу жеткіліксіз болғандықтан, жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жоюға назар аударды. Іс-шара патриоттық тәрбие беруге арналды. «Жемқорлықпен күреске қарапайым адамдар да үлес қосуы керек. Ол үшін жер-жерде жемқорлықпен күресуге атсалысқандарға мемлекет тарапынан сыйақы төленетіні жөнінде жадынамалар таратылуда», – дейді партия филиалының консультанты Мирас Оспанов. Акция аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде тұрғындар сауалнама жүргізудің қажеттілігін айтты. «Өзіне тікелей қатысы болмаса, адамдар жемқорлық фактілерін хабарлап айтуға құлықсыз. Ал аты-жөні көрсетілмейтін сауалнамаларда олар деректерімен бөлісуі мүмкін. Екіншіден, атқарылып жатқан нақты жұмыстарды көріп, кейбірі жемқорлық қылмыс жасау райынан қайтуы кәдік» – дейді сауалнамаға қатысушы Жазира Тілеубергенова. Аудан прокурорының орынбасары Ақеділ Үсенов сауалнамалар қай жерде жемқорлықтың басым екенін білуге, сақтық шарасын қолдануға көмектесетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта құқықбұзушылықпен күресу жұмыстары жалғасын таппақ.

Серіктес жаңалықтары