Қазақстан халқы санын онлайн режимде көрсететін есептеуіш іске қосылды

Қазақстан халқы санын онлайн режимде көрсететін есептеуіш іске қосылды

Қазақстан халқы санын онлайн режимде көрсететін есептеуіш іске қосылды
ашық дереккөзі
673
Бұдан былай Қазақстан халқы санын онлайн режимде көруге болады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Қазақстан халқы санының есептеуіші Статистика комитетінің сайтында орналасқан. Енді интернет пайдаланушылар аталған сайтқа кіріп, ел халқының нақты санын онлайн режимде көре алады. Бұған қоса, жаңа туған сәбилер мен қайтыс болғандар, иммигранттар мен эмигранттар, ер адамдар мен әйелдер саны жеке-жеке көрсетілген. ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, аталған жүйе "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында әзірленді.

"Әрине, бұл тың жаңалық емес, себебі есептеуіштің әлемде аналогтары жетерлік. Десек те, қазақстандық жүйенің бірегейлігі – нақтылығында. Басқа елдердің есептеуішінде бір жылдағы демографиялық өзгерістер есепке алынса, біздікі ай сайынғы негізде жұмыс істейді. Яғни дәлдік, нақтылық жоғары бізде", — дейді Айдапкелов есептеуіштің таныстырылымында.

Қазақстан халқы санының есептеуішін 71 жастағы Ерболат Мұсабек әзірлеген. Жаңа жүйені әзірлеуге алты ай уақыт кетіпті. Айдапкелов Қазақстан халқы санының есептеуішін әзірлеуге мемлекет бюджетінен бір тиын да жұмсалмағанын атап өтті. Жүйе комитет қызметкерлерінің көмегімен іске қосылған. Болашақта есептеуіш жетілдіріліп, облыстарда да іске қосылмақ  

Серіктес жаңалықтары