305
Ресей мұнайының экспорты 30 пайызға артты
Ресей мұнайының экспорты 30 пайызға артты
Ресей Федерациясының Кеден қызметі 11 желтоқсанда таратқан мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында ресейлік мұнай экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен 30% -ға артқан. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
Аталған мәліметке сенсек, 2017 жылдың алдынғы 10 айында Ресейдің мұнай экспорты 76,93 млрд. АҚШ долларын құраған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 59,66 млрд. АҚШ доллары болған. Осы мезгілдерде Ресейдің экспорттаған мұнай көлемі 214 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың алдынғы он айынан 0,5 пайызға артқан. Аталған мерзімде Ресейдің алыс шетелдерге экспорттаған мұнай көлемі жалпы экспорттың басым бөлегін иелейді. Яғни, алыс шетелдерге 199 млн тонна мұнай шығарып, оның құны 72,73 млрд. АҚШ долларына тура келген. ТМД елдеріне экспорттаған мұнай көлемі 15 млн тонна болып, бұдан Ресей қалтасына 4,2 млрд АҚШ доллары құйылған. Ресей әлемдегі ірі мұнай өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі.
йфы2016 жылғы көрсеткіште РФ жалпы көлемі 547 миллион тонна мұнай өндіріп, оның 254 миллион тоннасын шетелге сатқан.