11 Желтоқсан 2017, 10:27 204 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Венгрия, Польша және Чехия Еуропа соты алдында жауап береді

Еурокомиссия одаққа мүше Венгрия, Польша және Чехия елдерінің үстінен Еуропа сотына шағым түсірді. Аталған мемлекеттер көші-қон келісімі бойынша өз міндеттерін орындамаған, деп хабарлайды 24.kz. 

Оған қоса Венгрия билігінің ел аумағындағы үкіметтік емес ұйымдар мен университеттерге қатысты қабылдаған заңы да Еуропалық одақтың ортақ ережесіне қайшы келеді. Сондықтан Еурокомиссия мәселені шешуге кіріскен. Ресми Будапешт сәуір айында елдегі еуропалық емес университеттерге қатысты жаңа ереже қабылдады.

Ал 16 маусымда Венгрияда орналасқан үкіметтік емес шетелдік ұйымдар осы елде тіркеліп, қай мемлекеттен қаржы алып отырғаны туралы ақпаратты билікке мәлімдеуді міндеттейтін заң қабылдады.

Деректерге қарағанда, бұл елдегі ұйымдарға 24 мың еуро сырттан құйылады.  Ел президенті Янош Адердің айтуынша, жаңа заң үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына кері әсер етпейді. Есесіне билік сырттан келетін қаржыны бақылауда ұстайды. Ал Еурокомиссия мүшелерінің айтуынша, заң еуропалық ережеге қайшы.

Мигранттар мәселесіне келсек, Чехия, Польша және Венгрия елдері Еуроодақ келісімі бойынша бөлінген босқындарды қабылдаудан бас тартты.

Чехия, Польша және Венгрия билігі бас сауғалап келіп жатқандардың басым бөлігі мұсылман екенін алға тартты. Ал жергілікті халық христиан дінін ұстанады. Сондықтан алауыздық туындауы мүмкін дейді. Айтуларынша,  бұл елдегі тұрақтылық пен тыныштыққа қауіп төндіреді.

Соңғы жаңалықтар