Индонезия: 6 мыңға жуық Трампқа қарсы бас көтерді

Индонезия: 6 мыңға жуық Трампқа қарсы бас көтерді

Индонезия: 6 мыңға жуық Трампқа қарсы бас көтерді
ашық дереккөзі
296
АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы ретінде ресми түрде мойындауы Индонезиядағы жаппай бас көтерулерге себеп болды, деп хабарлайды 24.kz.  Джакартадағы Америка елшілігінің алдына шамамен 6 мыңға жуық адам жиналған. Олар мекемені қоршап, «Палестинаны азат ет» деп шу көтерді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тағы бір топ адам ел астанасында бас көтеріп, көшеге шыққан. Тәртіпсіздіктер туралы әзірге ақпарат жоқ. Трамптың шешіміне қарсы шерулер бұған дейін Түркия, Египет, Франция және Ауғанстанда өткен. Ақ үй басшысымен араб және Еуроодақ мемлекеттерінің басшылары да келіспей, сынға алды. Айта кетейік, Израиль Иерусалимді өз астанасы санайды, ал әлемнің кей елдері мұнымен келіспейді.

Серіктес жаңалықтары