Рыпакова - жылдың үздік спортшысы

Рыпакова - жылдың үздік спортшысы

Рыпакова - жылдың үздік спортшысы
ашық дереккөзі
168
Бұрынғы жұмыстың буына малданбай, бүгінгі буынның топ жаруына мүмкіндік тудғызу керек. Ол үшін не істеу керектігін белгілеп, бағыт бойынша алға жылжыған жөн. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Әділбек Жақсыбеков федерацияның кезектен тыс конференциясында айтты, деп хабарлайды 24.kz.  Ә.Жақсыбеков жеткен жетістіктердің жөні бөлек, дегенмен бірінші кезекте атқарылатын шаруаларды пысықтап алу маңызды екенін айтты. Жаңа ревизиялық құрам жасақталды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов атқару комитетінің мүшесі атанды. Бас бапкер Григорий Егоровтың есебі тыңдалды. Есеп кезінде де федерация басшысы бас жаттықтырушыны сынға алды. Елде жібі түзу жеңіл атлетика манежі жоқ екендігі тілге тиек болды. Айта кетерлігі Астанада халықаралық талаптарға сай жаңа манеж салынады. Және ол спорт ареналары орналасқан тұста бой көтеруі тиіс. Алдағы маусым межеленген соң биылғы үздіктер марапатталды. Қауымдастық ұйғарымындағы ең үздік спортшы атағына Ольга Рыпакова иелік етті. Виктория Зябкина мен Сергей Григорьев есімдері де ұлықталып, ел спортының дамуына еңбек сіңірген Ольга Шишигина мен Дмитрий Карповқа төсбелгі табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары