Головкин мен Альварестің реваншы өтетін күн белгіленді

Головкин мен Альварестің реваншы өтетін күн белгіленді

Головкин мен Альварестің реваншы өтетін күн белгіленді
ашық дереккөзі
162
Мексикалық Deportes арнасының тележүргізушісі Фернандо Шварцтың мәліметінше, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес реваншы қай күні өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.   
Боксшылардың екінші жекпе-жегі 2018 жылдың 5 мамырында Синко де Майо мерекесінде өтеді. Головкиннің өкілдері келісім беріп қойған, ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя осы аптада келісімшартқа қол қою үшін «Канеломен» кездеседі. Жекпе-жектің қай қалада өтетіні әзірге белгісіз. Мамандардың айтуынша, ол Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» және алғашқы жекпе-жек өткен Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін.
 

Серіктес жаңалықтары