Бердібек Сапарбаев: "ЖОО-лар кәсіпорындармен жұмыс істемейді"

Бердібек Сапарбаев: "ЖОО-лар кәсіпорындармен жұмыс істемейді"

Бердібек Сапарбаев: "ЖОО-лар кәсіпорындармен жұмыс істемейді"
ашық дереккөзі
272

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Қазақстандағы Білім мен ғылының бүгінгі жағдайы сөз болған жиында вице-премьер саланың дамуына көңілі толмайтынын жасырған жоқ. Ол ғылыми зерттеу зертханаларын бөлінген қаржының молдығына қарамастан жаңа технологияларды жеткілікті дəрежеде ұсына алмай отырғаны үшін сынға алды. «Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде əр мемлекет өз мүмкіндігін толығымен пайдалану керек. Президент соңғы кездері берген тапсырмаларында бар мүмкіндікті пайдаланып, экономика дамуының төмендеуін болдырмау керектігін айтқан. 8 жыл бұрын Елбасы тапсырмасына сəйкес 15 ғылыми зерттеу зертханаларын ашуға 5 млрд. теңге бөлінген болатын. Ал оны дамытуға 8 млрд. бөлінді. Алайда, олардың бізбен бөлісетін жаңалықтары көп емес. Əсіресе инвестиция тарту төмен. Көптеген ЖОО кəсіпорындармен жұмыс істемейді. Өткен бес жылда кəсіпорындармен келісімшарт көлемі 1 млн. теңгеден аспады. Басқа мемлекеттерде ғылым саласына өз кəсіпорындарынан тартылатын инвестиция көлемі 17 пайызға дейін жетеді. Ал бізде 0,7 пайыз. Ректорлардың кəсіпорындармен байланысы нашар. Ғылым саласына алдыңғы жылы 22 млрд. теңге бөлінсе, былтыр 40 млрд. теңге бөлінді. Бұл аз қаржы емес. Осы ақша бізге не берді? Бұл сұрақты біз қазір ҚР Білім жəне ғылым министрлігіне қоямыз»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары. Вице-премьер сынынан кейін университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов аталмыш бағытта нақты жұмыстар жүргізіп, мінді түзетуге тырысатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары