Бозымбаев: Төртінші мұнай зауытын салудың қажеті жоқ

Бозымбаев: Төртінші мұнай зауытын салудың қажеті жоқ

Бозымбаев: Төртінші мұнай зауытын салудың қажеті жоқ
ашық дереккөзі
202

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың пікірінше, алдағы 5-6 жылдың ішінде Қазақстанға төртінші мұнай зауытын салудың қажеттілігі жоқ. Бұл туралы ол  «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумынан тыс БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

«Менің пікірімді сұрасаңыздар, бүгінгі күні төртінші  мұнай зауыты керек емес. Үш зауытта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. «ҚазМұнайгаз» Атырау мен Павлодар зауыттарын жаңғырту жұмыстарын биыл бітіруі керек. Келесі жылы  Шымкент мұнай зауыты жаңғырту жұмыстарын жүргізеді», - деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, осыдан кейін Қазақстан алдағы  5-6 жыл бойы экономикамызды бензинмен, дизель отынымен және  авиакеросинмен 100 пайыз қамтамасыз ете алады.

«Ал 2024-2025 жылдары бір зауытты екі есе үлкейтуіміз  керек немесе төртінші зауыт салуға мәжбүр боламыз. Өйткені, сұраныс өсіп келе жатыр. Осындай жоспар бар», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары