285
Ақтөбе "миллионер" қалаға айналады
Ақтөбе "миллионер" қалаға айналады
Алдағы 13 жылда Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі жеке тұрғын үй секторының орнына зәулім ғимараттар бой көтереді, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл жоба қаланың жаңа даму жоспарында көрсетілген. «Мәскеу» деп аталатын ауданда 7 және 18 қабатты тұрғын үйлер салынады. Ескі көшелер мен арықтар қайта жаңғыртылып, инженерлік желілер жүргізіледі. Ауданды абаттандыру жұмысына жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді.
Инвестор компания 300-ден астам ескі, апатты жағдайдағы үйді сүріп, орнына жаңа теміржол вокзалын салады. Сонымен бірге «Нұр Ақтөбе» шағынауданында жасанды су каналы салынады. Қаланың бас жоспары бойынша «Батыс-3» жаңа шағын ауданы әкімшілік орталық болады.
– Батыс-3 жоспар бойынша жаңа әкімшілік орталық болып есептеліп жатыр. Ол жерде 40 қабатты үйлер салу жоспарлануда. Және әкімшілік-мемлекеттік мекемелерді сонда ауыстыру жоспарымызда бар. Ол қадам-қадаммен іске асырылады. Шығыс жағында да мына Орск тасжолы бойында Нұр-Ақтөбе мөлтек ауданында болашақта 2000 гектар жердің жоспарын жасадық, - дейді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.