АҚШ биткоинді ресми түрде мойындады

АҚШ биткоинді ресми түрде мойындады

АҚШ биткоинді ресми түрде мойындады
ашық дереккөзі
177
АҚШ-та биткоин үшін фьючерстерді сатуға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл туралы Блумберг агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.  Алғашқы сауда-саттық 18 желтоқсанда өтуі тиіс. Бастапқыда сатылым барысын АҚШ-тың сауда фьючерстерін сату жөніндегі комиссия мүшелері бақылайды. Айта кеткен жөн, осы аптада биткоинның құны 11 мың долларға дейін жетіп, курсы тарихи жоғары көрсеткішін жаңартқан болатын. Алайда артынша төмендей бастады. Мамандар танымал криптовалюта құнының өсуі инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуымен байланысты екенін айтады. Мұндай жағдай әлі де байқалады. Тіпті алдағы жылдың аяғына дейін биткойнның нарқы 20 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар болжамы осыған саяды.

Серіктес жаңалықтары