"Киік қырғынына "Протонның" қатысы жоқ"

"Киік қырғынына "Протонның" қатысы жоқ"

"Киік қырғынына "Протонның" қатысы жоқ"
ашық дереккөзі
240

Еліміздің үш бірдей өңіріндегі – Қостанай, Ақтөбе мен Ақмола облыстарындағы киіктердің жаппай қырылуы Ауыл шаруашылығы министрлігін тығырыққа тіреді. Ведомство тарапынан жүргізіліп жатқан жабайы жануарлардың жағдайын мониторингілеу мен киіктердің қырылу себептерін анықтау шаралары әлі нәтижесіз. Бұл іске енді шетелдік мамандар да тартылды. Апта басындағы басқосулар ақбөкендердің қырылуына «Байқоңырдан» ұшырылып жатқан зымырандардың әсерін болуы мүмкін деген болжам айтылған еді. Алайда Франкфурт зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутер «Астана» телеарнасына берген сұхбатында бұл апатқа «Протон» зымырандарының тікелей әсері жоқ екенін айтты. Ғалымның айтуынша, өлекселердің сынамасы еліміздің үш өңірінде де арам қатқан жануарлардың бір індеттен қырылғанын көрсеткен. Штефан Цутердің сөзіне сенсек, бұл – инфекциялық ауру. Сондай-ақ, Цутер қажет болған жағдайда киіктер қырылған жерлерден алынған сынама Еуропаға жөнелтілетінін айтты.«Біз, белгілі ақпаратқа сүйенсек, мұндай нұсқа орынсыз. Өйткені киіктер бір емес, бірнеше аймақта қырылып жатыр. Ал зымырандар құлаған аймақтар мүлдем басқа», – дейді ол. Дей тұрғанмен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев: «Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандары барлық нұсқаладры егжей-тегжейлі тексереді. Ешбір версия назардан тыс қалмайды. Жұмыс тобы құрылды. Инфекцияны, өзге де нұсқаларды қарастырамыз, зерттеп, анығына көз жеткіземіз», – дейді. Жезкиік жосылған жапанды қандай кесір шалғаны тезірек анықталып, белгілі бар шара қолданылмаса, даламыз ақбөкенсіз қалар түрі бар.

Серіктес жаңалықтары