Қазақстанда күніне қанша тонна бензин пайдаланылады?

Қазақстанда күніне қанша тонна бензин пайдаланылады?

Қазақстанда күніне қанша тонна бензин пайдаланылады?
ашық дереккөзі
238
Елімізде тәулігіне 10 мың тонна АИ-92 бензині тұтынылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай маркетингі, тасымалдау және өңдеу бойынша вице-президенті міндетін атқарушы Данияр Тиесов хабарлады.
«92-бензиннің өңірлердегі қоры шамамен 200 тоннаны құрайды, бұл әзірге бензин жағдайы қалыпты деп айту үшін жеткілікті. Қазақстандағы 92-ші бензинді тұтынудың тәуліктік нормасы – 10 мың тонна. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытынан күніне 8,5 мың тонна бензин алынады және тәулігіне 3-4 мың тонна бензин импортпен жеткізіледі», – деді Д.Тиесов. «ҚазМұнайГаз» өкілі АИ-95 маркасына қатысты жағдай өзгеше екенін атап өтті. «95-ші бензин бойынша жағдай сәл қиындау, кей өңірлерде шектеу қойылды және ОҚО, ШҚО, Алматы және Қызылорда облыстарында карталар мен талондар бойынша сатылып жатыр. Қалған өңірлерде шектеу жоқ. Қазақстан бойынша АИ-95 бензинінің 14,5 мың тонна қоры бар, бір айға шамамен 20 мың тонна қажет», – деп атап өтті ол. Сол себепті, компания өкілдерінің айтуынша, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының бір бөлігі АИ-95 маркасын шығаруға көшкен. «Дизельді отын бойынша биыл шамамен 168 мың тонна қорымыз бар. Тұтас республика бойынша жанар-жағармай материалдары жағдайы тұрақты», – деп толықтырды өз сөзін Данияр Тиесов.

Серіктес жаңалықтары