Қазақстанда гематология орталығы салынады

Қазақстанда гематология орталығы салынады

Қазақстанда гематология орталығы салынады
ашық дереккөзі
Қазақстанда гематология орталығы салынады. Қазақстандағы тұңғыш гематология орталығы Шығыс Қазақстанда салынатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Біз еліміздегі жоқ гематология орталығын салуды бастағалы отырмыз. Бүгінгі таңда біздің дәрігерлер Стенфорд университетімен өзара серіктестік келісімге келу үшін Америка Құрама Штаттарында жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, біз өңірімізге озық медициналық технологияларды әкелетін боламыз», - дейді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. Өңір әкімінің айтуына қарағанда, жоба қазіргі уақытта жүзеге асыру сатысында тұр. Жуық арада мемлекеттік сараптама жұмыстары басталмақ. Нысанның құрылысы үшін қажетті сома жергілікті бюджетке бөлініп қойған. Өңір басшысы өз сөзінде аталған медициналық нысан еліміздегі осындай ауқымдағы тұңғыш мекеме болатынын ерекше атап өтті. «Кеңес одағы кезінде мұндай орталық Минск қаласында ғана бар болатын. Ал елімізде бірінші болып біздің өңір гематология орталығы салуды бастама етті. Технологиялар әлемнің үздік тәжірибелерінен келуі керек. Біз нысанды тұрғызып қана қоймай, мамандарымызды оқытатын шетелдік серіктестеріміз үшін үй тұрғызып, жайлы жағдай жасауды ұсыныс отырмыз», - дейді Ахметов.