__Басты слайдерЖаңалықтарЖаһан

Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын Ресейден бастайды

Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын Ресейге жасайды. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапарын Мәскеудің шақыруымен Ресейге жасайды. Бұл туралы 28 қарашада президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожоева хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, сапар 29 қарашаға жоспарланған, соның аясында ол Ресей президенті Владимир Путинмен және премьер-министр Дмитрий Медведевпен кездеседі. «Жүздесуде екі жақты әріптестік мәселелері талқыланады», – деп түсіндірді Айзада Субакожоева.
Бұған қоса ол 30 қарашада президент жұмыс бабымен Минск қаласына барып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының мемлекет басшылары саммитіне қатысатынын айтты.
«Саммит аясында әріптестіктің 15 жылдағы нәтижелері қорытындыланып, 24 мәселе талқыға түседі. Олар терроризм және аймақтағы экстремизмге қатысты болады. Мерейтой декларациясы қабылданады», – деді Айзада Субакожоева.
Оның айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстан президенттерінің саммит аясында екі жақты кездесуі жоспарланбаған.

Back to top button