287
Мысыр мешітіндегі терактіден 305 адам қаза тапты
Мысыр мешітіндегі терактіден 305 адам қаза тапты
Мысырдағы мешіттердің біріне лаңкестік шабуыл жасалды. Террористер жұма намазы кезінде бомбаны жарып жіберген, қашып құтылғысы келген адамдарды сырттағы екінші топ атып тастаған.
Соңғы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны 305 адамға жетті, олардың арасында 27 бала бар. Тағы 128 адам жарақат алды.
Қазақстан СІМ мәлімдегендей, біздің еліміздің азаматтары терактіде зардап шеккені туралы мәлімет түскен жоқ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған экстремизм мен халықаралық терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайтынын мәлімдеп, Мысыр халқына көңіл айтты.
"Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Қазақстан Мысырмен ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын", – делінген жеделхатта.