Жаңа 500 теңгелік банкнотада неліктен латын қарпі қолданылмады?

Жаңа 500 теңгелік банкнотада неліктен латын қарпі қолданылмады?

Жаңа 500 теңгелік банкнотада неліктен латын қарпі қолданылмады?
ашық дереккөзі
461
Бүгіннен бастап 2017 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 500 теңгелік банкноттар айналымға шығарылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.   Банкноттың дизайны айналымдағы «Қазақ Елі» сериясының ақша белгілерімен бірыңғай стильде – бет жағында негізінен тік бейнелер, ал сырт жағында көлденең түрінде бейнелер орналасқан.
"Басым түсі – көгілдір-көк. Банкноттың өлшемі – 130х62 мм. Жаңа банкноттардың дизайнын әзірлеудің және дайындаудың аса ұзақ процесс екендігін атап өтеміз. Осыған байланысты 2017 жылғы үлгідегі номиналдық құны 500 (бес жүз) теңгелік банкноттардағы мемлекеттік тілдегі жазулар банкноттың дизайнын әзірлеу сәтінде қолданыстағы кириллицаға негізделген әліпбиге сәйкес орындалған. Ұлттық валюта – теңге банкноттары мен монеталарындағы жазуларды өзгерту жұмысын Ұлттық Банк "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына сәйкес жүргізетін болады", — деп жазылған хабарламада. Банкноттың бет жағы Негізгі бейнелер – банкноттың оң жағындағы "Қазақ Елi" монументі және ортасында төменгі бөлікте ұшып бара жатқан көгершіндер. Жоғары бөлігінде ортасында және сол жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық бейнеленуі, сол жақта ортасында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік бейнеленуі орналасқан.  

Серіктес жаңалықтары