Зимбабве тізгіні Мнангагваға тиді

Зимбабве тізгіні Мнангагваға тиді

Зимбабве тізгіні Мнангагваға тиді
ашық дереккөзі
269
Зимбабве тізгінін бұдан былай елдің бұрынғы бірінші вице-президенті Эммерсон Мнангагва ұстайды. Жаңа президент  23 немесе 24 қарашада ант қабылдайды деп жоспарлануда. ZANU-PF партиясының өкілі Лавмор Матукенің айтуынша, Мнангагва 21 қарашада отставкаға кеткенін мәлімдеген Роберт Мугабенің уәкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін билік басында болады, деп хабарлайды Reuters. Яғни, ол 2018 жылдың тамызына дейін ел басқармақ.Содан кейін Зимбабведе президент сайлауы өтеді. Еске сала кетсек, Зимбабве армиясы 15 қарашада Мугабені отбасымен бірге үйқамаққа алған. Сонымен қатар әскерилер ел астанасы - Хараредегі телеорталықты басып алып, президенттің қауіпсіз жағдайда екенін, олардың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екенін мәлімдеген болатын.  

Серіктес жаңалықтары