Үндістан сапары: Делиден Раджастанға дейін...

Үндістан сапары: Делиден Раджастанға дейін...

Үндістан сапары: Делиден Раджастанға дейін...
ашық дереккөзі
1046
Алматы мен Дели арасының жақындай түскеніне 13 жыл. «Эйр астана» әуе компаниясы күніне бір уақ Алматы – Дели – Алматы  бағытында жолаушы тасымалдайды. 2004 жылдың қыркүйек айы мен 2017 жылдың қазан айы аралағында осы бағытта 500 мың жолаушы қатынап, 555 тонна жүк тасымалданған. Ал ағымдағы жылдың соңғы он айында 68 мың 623 жолаушы қатынаған. Олардың басым көпшілігі Санкт-Петербург, Мәскеу, Бейжің, Стамбұл, Киев, Үрімші, Тбилиси және Қазақнға жол тартқандар. Биыл Астана қаласынан да Дели бағытына рейс ашылып отыр. Әуе компаниясының  қызметін пайдаланатын жолаушы ағыны өте көп. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғайып келеді. Үндістанға сапарымызда осыған тағы бір рет көз жеткіздік.  Біз Делиге түс әлеуетінде қондық. Шаң ба, түтін бе белгісіз, көкте күн көрінбеді, бұлт та жоқ. Делидің өте лас қала екенін бұрын да естігем, бірақ қарсы алдыңдағы ғимараттың өзі мұнартып қана көрінеді деп ойламаппын.  Бәрібір шығыс үлгісіндегі қала көшелері өте әдемі. Шынар ағаштары, пальмалары мен тропиктік өсімдіктер, сан түсті сарилер көздің жауын алады. Көшедегі қарбалас түнгі екіге дейін тыйылмайды. Көше бойын толтырған жайма базарлардың санында шек жоқ.  width= Үндістанда 1 миллиард 400 миллион халық бар. Оның ішінде 30 миллионға жуық адам астанада ғұмыр кешеді. Халық көп болған сайын, ер адамның саны артатыны белгілі. Мұнда да 1000 еркекке 918 әйелден келеді.  width= Мемлекет халықты тегіс жұмыспен қамти алмайды, сондықтан қолынан келгенше кәсіп қылып, күнін көруге мәжбүр. Бұрыш-бұрышта аяқ киім тазалау, велосипед жөндеу, желін үрлеу, тамақ сату, шырын сату, көше сыпыру әйтеуір ек қолға бір ермек, бос жүрген адам көрмейсің. Барлығы еңбектеніп отыр. Сіңірі шыққан кедейлер көп. Байлар да аз емес. Forbes  тізімінде миллиардерлер саны бойынша әлемде үшінші орында. Зәулім үйлер мен салтанатты сарайлар көп емес, есесіне ескі лашықтар, жауын мен желден ғана қорғайтын, қисық-қыңыр жаппалар жетерлік. Қоқыс, қалдық, шаң-тозаңнан көз ашпайсың. Тіпті көктегі күнді көру қиын. Дәл осы уақытта қараша мен желтоқсан айы – қыс мезгілі. Бұл кезде екінші жиын-терін аяқталып, алқаптар тамырымен өртеледі, жауын маусымы болмағандықтан, жел жоқ. Қалдағы көліктер санының артуы ауадағы қара түтінді еселей түседі екен. Осы үш фактор Делиді екі ай бойы қап-қара шаңға бөгеді.  width= Көше кезіп, қаңғып жүрсе де, жергілікті халық өміріне риза сияқты көрінді. Күліп қарайды, қағып кетсең, ренжімейді. Касталық жіктеу де ескірмеген екен. Жоғарғы каста өкілдері мен төменгі каста өкілдерін бұрынғыдай алаламайды, барлық қызметке орналасып, қоғамдық өмірге еркінше араласа алады. Бірақ қыз алысып, қыз беріскенде осы бір елеусіз де болса, ебедейсіз салт міндетті түрде ескеріледі екен. Өйткені балаға  атасының, әкесінің аты емес, сонау арғы бабасының тегі беріледі. Сөйтіп қандай фамилия қай кастаға жататынын айтқызбай-ақ біліп отырады. Қанша бөлінбейді десе де, жоғарғы кастаның өкілдері саясаткерлер, ірі бизнесмендер, ел басқару ісіндегі беделді адамдар қатарында. Бізге жол сілтеген гидтің айтуынша, үнді жерінің өзге жерден келген жаулаушылардың қоластында отыруына осы бытыраңқы дәстүрі мен сансыз көп княздықтықтардың өзара алауыздығы әсер еткен екен. Соған қарамастан 1947 жылы британ отарлаушыларынан тәуелсіздігін алған мемлекет жылдан жылға дамып келеді. Электроника мен түрлі тауарларының экспорты бойынша әлемде алдыңғы орында келеді. Бір көргенде Үндістанның қазіргі тыныс-тіршілігінен алған әсер осындай болды. Осы сапарымызда көрген сан ғасырлық тарихы бар ескерткіштер мен қасиетті жерлері өте әсерлі. Бір қызығы, Үндістанның мақтанышына айналған тарихи ескерткіштер Моғол империясы тұсында, мұсылман мәдениетінің ықпалымен бой көтерген. Дели мен Агра қаласындағы Хумаюн кесенесі, Құтыб-минар мешіті, Тәж махал кесенесі сөзіміздің айғағы.  width=Дели қаласындағы ең танымал орындардың бірі – Құтыб-минар. Бұл Делидегі, жалпы үнді жеріндегі ең алғашқы мешіт. 1101 жылы ауған шапқыншылары солтүстік Үндістанды жаулап алған соң, Делидегі жайнизм, буддизм, индуизм ғибадатханаларын қиратып, соның материалдарынан алғашқы мешітті салды. XXI ғасырға дейін бұл Делидегі ең үлкен мешіт болған. Ауған билеушісі Құтыбтың атымен аталған мұнара күні бүгінге дейін әлемдегі ең биік мұнара. Мұнара бой көтергеннен кейін арада жүз жылдан соң басқа билеушілер жанынан екінші мұнараның құрылысын бастайды, өкінішке қарай сұлтанның өлімінен кейін іргетасы ғана қаланған құрылыс  сол күйі аяқталған жоқ. Ең қызығы, тоғыз ғасырлық тарихы бар ескерткішке келушілер көп. Жергілікті халықтың өзінен-ақ аяқ басатын жер жоқ. Өйткені жергілікті халыққа кіру ақысы 30 рупи болса, туристерге 500 рупи. Әйгілі қолбасшы, ұлы моғол билеушілерінің Бабырдың ұлы Хумаюн кесенесін көрудің сәті түсті. [caption id="attachment_43946" align="alignnone" width="300"] width= Автор: Яков Федоров[/caption] Темірдің ұрпағы Бабыр Дешті қыпшақ жерімен толассыз қақтығыстан кейін, Солтүстік Үндістанға жорыққа аттанады. Ганг өзеніне дейінгі аймақты  жаулап алып, өз империясын құрады. Бабырдың ұрпақтары осы империяны гүлдендеріп, жер аумағын кеңейте түсті. Хумаюн тұсында әлсіріген империя біртіндеп күшіне еніп, Үндістанның оңтүстік аймақтарына қауіп төндіре бастады. Моғол билеушілерінің қай-қайсысы да ғылым мен өнерге айрықша мән берген. Хумаюн император да өз кітапхананасынан кітап алып жатқанда, азанның даусын естіп, шалынып жығылып, 47 жасында қайтыс болады. Баласы Акбар жас болғандықтан,  кесене тұрғызу тоғыз жылдан кейін қолға алынған. Сөйтіп, 1562 жылы Жамуна өзенінің жағасынан қазіргі Дели қаласында алғашқы кесене салынды. 70 жылдан кейін салынған Тәж Махал кесенесінің түпнұсқасы осы кесенеден алынды. Мұнда жүзден астам ұлы моғол ұрпақтары жерленген. Бес ғасыр бойы сыры мен өңі кетпеген кесене парсы шеберлерінің қолымен тұрғызылған. Моғол  империясы мәдениетінің бастамасы – осы кесене. Төрт ғасырға созылған империя тарихында үнді жерінде жүздеген мешіттер мен кесенелер бой көтерді. Императордың қалауымен, әлсін-әлсін астана болған Агра, Жайпур қалаларына бет түзедік. Дели, Агра және Жайпур қалалары алтын үштаған деп аталады. Үндістанға табан тіреген туристердің негізгі баратын жерлері осы. Әсіресе, Агра қаласында туристер толастаған емес. Әлемнің жеті кереметінің бірі – Тәж махал осы қалада.  width=Бабырдың шөбересі, шах Жаһанның Мұмтаз патшайымға арнап салдырған кесенесі шынымен көз қызықтырады. Ақ мәрмәр мен асыл тастардан соғылған кесене XVI ғасырдағы сәулет өнерінің жетістігі. Сүйікті әйелі қайтыс болған соң, қайғыдан қан жұтқан шах ақ мәрмәрдан кесене салдырады. Кесене құрылысы 22 жылға созылған. Тәж махалға қарсы беттен өзіне арнап, қара мәрмәрдан кесене тұрғызбақшы болады. Арнайы жер де бөліп, іргетасын құйған көрінеді. Бірақ, үлгермей қалады. Өйткені мемлекеттің бар қазынасын жалғыз кесенеге жұмсаған императорды балалары тақтан тайдырып, есінен танған шахты өз қамалында қамауда ұстайды. Сегіз жыл бойы өз сарайында Тәж Махалға қарап отырған шах соңғы рет ақ мәрмәрлі кесенеге қарап, көз жұмады. Қазіргі таңда Үндістанның аса көрнекті жерлерінің бірі – Тәж махал Үндістан туризмінің төресіне айналған. Мемлекет қазынасына айтарлықтай пайда түсіріп отыр. Үшғасырлық құрылыс кешеніне газбен, жанармаймен жүретін көліктерді жақындатпайды. Арнайы электрмобильдері бірнеше шақырым жерден туристерді тасып отырады. Өйткені кесене смок пен түтіннен сарғайып, мәрмәрді кірлетіп жіберетін көрінеді. Сондай-ақ Агра қаласындағы тарихи ескерткіштердің бірі – Қызыл қамалдың сәні ерекше. Қызыл кірпіштен соғылған қамалды Акбар патша өзі салдыртқан. Сансыз сарайлары мен мұнаралары, бақтары мен бұрқақтары бар қамалда Акбардың баласы Жаһангир, оның баласы шах Жаһан тұрған. Қамал Болливудтың талай тарихи картиналарында көрініс тапқан.  width= Келесі аялдама – Раджастан штаты. Раджастан – патшалар мекені дегенді білдіреді. Мұнда бірнеше княздықтар бар. Олардың ұрпақтары мен сәнді сарайлары әлі күнге дейін сақталған екен. Кейбірі сарайларын мұражайға айналдырса, кейбірі сарайын қонақүй жасап, табыс көзіне айналдырған. Жайпур қаласының қақ ортасындағы Махараджа сарайын көрудің сәті түсті. Махараджа сарайының ішкі ауласы, қару-жарақ пен киім-кешек, манускрипт мұражайлары, Гиннестің рекордтар кітабына енген су құятын алып құмыралары да осында. Кезінде Англияға Эдуард VIII патшаның таққа отыру салтанатына жол тартқан махараджа жақтың суы мен тазалығына сенбей, мың тонналық екі құтыға Ганг өзенінің суын құйдыртып ала кеткен. Міне, сол құтылар сарайда сақтаулы. Ал көзі тірі махараджа қазір мектепте оқиды, Англияда білім алатындықтан, Ай сарайында көп болмайды. Оның мемлекет істеріне араласуға құқығы жоқ, бірақ аймақтағы кейбір мәселелер соның мойнында. Жайпур қаласы күлгін түсімен танымал. Кезінде Раджастан махараджаларының бірі қаланы бірдей түске бояуға бұйрық береді. Содан кейін қаладағы барлық құрылыс нысандары бір түске боялады. Бұл дәстүрі он жылда бір рет қайталанып отырады. Өткен ғасырдың басында Үндістанға келген британ журналисі Жайпурды – күлгін түсті қала деп жазған екен. Осыдан кейін “pinkcity”  деп аталып кеткен. Негізі, таза күлгін түс емес. Кірпіштің қызғылт сары түсіне жақынырақ. Тау етегінде орналасқан қаланың көрікті нысандары өте көп. Мысалы, су бетіндегі Джал Махал сарайының көркі Тәж Махалдан бір кем емес. Кезінде соны тұрғызу үшін көлді де қолдан жасаған екен.  width= Төрт күн ішінде үнді үштағанын көріп үлгердік. Қала арасында қатынайтын шағын авиация дамымаған. Небәрі екі жүз шақырымдық жол бес-алты сағатқа созылады. Ал қалалардағы сансыз рикша, туктук пен велосидедшілер ығы-жығы қозғалады. Бағдаршам анда санда бір кездеседі. Жол жүру ережелері мүлде сақталмайды. Осының барлығына қарамастан Үндістан сапары әдемі естеліктерімен есте қалды. «Бояулар елінің» әсерлі де жылы сапары мәңгі естен кетпес. Алматы - Дели - Агра - Жайпур - Дели - Алматы

Серіктес жаңалықтары