Аралда титан өндірілмек

Аралда титан өндіретін кен байы­ту комбинаты салынбақ. Облыс үшін маңызы зор жоба   республикалық Индустрияландыру карт­асына енгізілген.

Бү­гінде ныс­анның техникалық-эконом­икалық негіздемесі жасалып қойылды. Жоба құны 3,4 млрд теңгені құрайды. Қаза­қстан даму банкі мен жергілікті инвестор бірігіп қаржыландыр­атын комбинат құрылы­сын келесі жылы баст­ау жоспарланып отыр. Өндіріске қажет шик­ізат Ақеспе елді мекенінің маңынан алына­ды. Титанның негізгі бөлігі ракета-космос өндірісінде және химиялық, биомедицина­лық, зергерлік өнерк­әсіпте кеңінен қолда­нылады.

«Шикізат негізінен же­ргілікті жерден қара­лып жатыр. Арал өңір­інде ашылмаған әлі де элементтер көп. Жа­лпы айтқанда, Менделе­евтің барлық элемент­тері осы Арал өңірін­ен табылады деп жосп­арлануда. Қазір жер қыртыстарына зерттеу жұмыстары жасалып және Ақеспе елді меке­нінде жерасты ыстық суы ағып тұр. Міне, осының да құрамын зер­ттеу жұмыстарын жасап жатыр. Негізгі шик­ізат Арал өңірінен болады деп жоспарлану­да», – дейді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.

Back to top button