242
Аралда титан өндірілмек
Аралда титан өндірілмек
Аралда титан өндіретін кен байыту комбинаты салынбақ. Облыс үшін маңызы зор жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген.
Бүгінде нысанның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып қойылды. Жоба құны 3,4 млрд теңгені құрайды. Қазақстан даму банкі мен жергілікті инвестор бірігіп қаржыландыратын комбинат құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Өндіріске қажет шикізат Ақеспе елді мекенінің маңынан алынады. Титанның негізгі бөлігі ракета-космос өндірісінде және химиялық, биомедициналық, зергерлік өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.
"Шикізат негізінен жергілікті жерден қаралып жатыр. Арал өңірінде ашылмаған әлі де элементтер көп. Жалпы айтқанда, Менделеевтің барлық элементтері осы Арал өңірінен табылады деп жоспарлануда. Қазір жер қыртыстарына зерттеу жұмыстары жасалып және Ақеспе елді мекенінде жерасты ыстық суы ағып тұр. Міне, осының да құрамын зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. Негізгі шикізат Арал өңірінен болады деп жоспарлануда", - дейді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.