196
Қазақстан Қырғызстанды ЕАЭО ережелерін бұзды деп тағы айыптады
Қазақстан Қырғызстанды ЕАЭО ережелерін бұзды деп тағы айыптады
Қазақстан Қырғызстанды ЕАЭО ережелерін бұзды деп тағы айыптады. Қазақстандық ақпарат құралдарының Ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, "бұған дейін анықталған ереже бұзушылықтан соң қырғыздың бес компаниясының сүт өнімдерін республикаға кіргізуге тыйым салынды".
Министрлік қырғыздың ветеринарлық қызметінің Еуразиялық экономикалық одақ талаптарын орындамайтынын нақты айғағы ретінде 22 қазанда қазақ-қырғыз шекарасында 60 мал басының ұсталғанын мысалға алды. Ешкілер мен жылқыларды ветеринарлық рұқсатсыз Тәжікстаннан Беларусьқа жеткізбек болған, делінеді.
Қазақстандық тарап "10 қазаннан бері ЕАЭО-ның ветеринарлық талаптары 29 мәрте бұзылғанын" атап өтті. Соған байланысты Қазақстанның мемлекеттік органдары шара қолданған - кейбір жүк тасымалдаушыға айыппұл салынып, кейбірі Қырғызстанға қайтарылған.
Өткен аптаның соңында Қазақстан қырғыздың сүт, ет және кондитерлік өнімдеріне шектеу енгізгені белгілі болды.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғам денсаулығын қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин "Қырғызстаннан келетін өнімдер талаптарға сай келмей жатқанын" мәлімдеген.