Қырғызстанның 2040 жылға дейінгі даму жобасы әзірленді

Қырғызстанның 2040 жылға дейінгі даму жобасы әзірленді

Қырғызстанның 2040 жылға дейінгі даму жобасы әзірленді
ашық дереккөзі
242
Қырғызстанның 2040 жылға дейінгі даму жобасы әзірленді. Ұлттық кеңестің елдің тұрақты дамуына арналған кезекті отырысында Қырғызстанның 2018-2040 жылдарға дейінгі «Таза коом. Жаны доор» деп аталатын даму жобасы қаралады. Бұл жөнінде президент әкімшілігі хабарлады. Ұлттық кеңестің хатшысы Нұрсұлу Ахметовамен кездесу кезінде, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев соңғы жылдары жеткен жетістігіміз, экономиканың дамуына өр мақсат қоя алады деп мәлімдеген. Ол мысал ретінде елге сандық технологияны енгізуді атап өткен. Президент сонымен бірге Қырғызстан 2040 жылға қарай "ең қауіпсіз әрі қолайлы" аймаққа айналуы тиіс деп мәлімдеген. Қазан айының соңында Атамбаев қысқа мерзімді демалысқа шыққан. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлағандай, ол демалыс кезінде 2040 жылға дейінгі тұрақты даму жобасын аяқтауы керек болған. "Таза коом" деп аталатын ақпараттық технологияны енгізу жобасының тұсауы биыл наурыз айында кесілген.

Серіктес жаңалықтары