Қырғызстан Қазақстан шекарасына қатысты ДСҰ-ға шағымданды

Қырғызстан Қазақстан шекарасына қатысты ДСҰ-ға шағымданды

Қырғызстан Қазақстан шекарасына қатысты ДСҰ-ға шағымданды
ашық дереккөзі
272
Қырғызстан қазақ-қырғыз шекарасына қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді. Қырғызстан Дүниежүзі сауда ұйымының штаб пәтерінде жасалған мәлімдемеден кейін ұйымға мүше мемлекеттер дауға қатысты пікірін білдірді.   Qazaqtimes ақпараттық ресурсының мәліметінше, қараша айының 10-ы күні Қырғызстан делегациясы Дүниежүзі сауда ұйымының тауар сату кеңесінің отырысына қатысқан. Онда Қырғызстан экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов ДСҰ кеңес мүшелері мен отырысқа қатысушыларға қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстан тарапының Қырғызстан тауарларын өз аумағына негізсіз өткізбей отырғандығын айтқан. Сазбақов сөзінше, Қазақстан билігі Қырғызстан тауарларын шекарадан өткізбеу арқылы ДСҰ қағидаларына қайшы келуде және ресми Астананың бұл әрекеті Халықаралық валюта қорының мәліметінше, Қырғызстанды 200 миллион доллар шығынға батырған. Бұл қырғыз экономикасының өсімі соңғы бір айда 0,3 пайызға төмендеткен. Қырғызстанның Дүниежүзі сауда ұйымына шағым түсіруін аталмыш ұйымдағы Қазақстан делегациясы қалыпты жағдай ретінде қабылдаған. Қазақстан тарапы шекараның күшейтілген режимде жұмыс істеуі мен Қырғызстан тауарларының елге жіберілмеуін қырғыз өнімдерінің санитарлық, фитосанитарлық талаптарға сай емес екендігімен түсіндірген. Қазақ-қырғыз шекарасындағы дауды Дүниежүзі сауда ұйымының Жапония, Оңтүстік Корея және Молдова сынды мүшелері тез арада екіжақтық келіссөздер арқылы шешу керектігін айтқан.  

Серіктес жаңалықтары