229
Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 млн долларынан бас тарту ұсынысын қабылдады
Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 млн долларынан бас тарту ұсынысын қабылдады
Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 млн долларынан бас тарту ұсынысын қабылдады. Қырғызстан парламенті үшінші оқылымда Қазақстанның 100 млн доллар көмек көрсету жөніндегі келісімнің күшін жойды.
Былтыр желтоқсан айының аяғында Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қырғызстан мен Қазақстан үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келген. Бұл келісімді биыл шілде айында Қазақстан парламенті бекіткен.
24 қазанда Қазақстанның СІМ ресми Бішкектен жоғарыдағы келісімнің күшін жоятыны жөнінде хат алғанын мәлімдеді. Бұл келісімге сәйкес Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар көмек көрсетеді.
Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның көмегіне қызығушылық білдірмейтінін мәлімдеген.
10 қазаннан бастап Қазақстан Қырғызстанмен шекараны күшейтті. Мұны ресми Астана контрабандамен күрес жүргізіп жатқанымен түсіндірді. Ал Бішкек болса, мұны "қолдан жасап отыр" деп біледі.