Instagram қолданушыларға ыңғайсыз шектеуді алып тастады

Instagram қолданушыларға ыңғайсыз шектеуді алып тастады

Instagram қолданушыларға ыңғайсыз шектеуді алып тастады
ашық дереккөзі
215
Instagram қолданушыларға ыңғайсыз шектеуді алып тастады. Instagram желісі Instagram Stories-те фото мен видео жүктеудегі 24 сағаттық шектеуден бас тартты, - деп хабарлайды instagram-press.com. Енді әлеуметтік желі қолданушылары Instagram Stories-те бір апта ішінде түсірілген суреттер мен видеоларды жариялай алады. Сервис өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдық қолданушыларға көбірек мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл функцияның қосымшаның жаңартылған нұсқасында қолжетімді екені айтылады. Еске сала кетейік, Instagram қолданушылары осыған дейін бұрынғы суреттін скринін жасап, оны қайта сақтап болған соң ғана Stories-ке жүктеуші еді. Енді бұлай жасаудың қажеті болмайды.

Серіктес жаңалықтары