Алаштың 100 жылдығына арналған телехикаяның саундтрегі шықты

Алаштың 100 жылдығына арналған телехикаяның саундтрегі шықты

Алаштың 100 жылдығына арналған телехикаяның саундтрегі шықты
ашық дереккөзі
281
Алаштың 100 жылдығына арналған телехикаяның саундтрегі шықты. «Qazaqstan» ұлттық арнасының арнайы жобасы, Алаштың 100 жылдығына арналған «Тар заман» телехикаясының саундтрегі жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұлттық арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Тар заманды»  белгілі режиссер Мұрат Бидосов түсірген. Онда басты кейіпкер - Әлихан Бөкейханов пен өзге де алаш зиялыларының Алашорда үкіметін құру жолындағы тартысты ғұмыры суреттеледі. Түсірілім жұмыстары Алматы облысының Текелі, Қапал-Арасан тауларында, Алматы, Павлодар және Орынбор қалаларында 2 ай бойы жүргізілген. Актерлардың басым бөлігі облыстық театрлардан іріктеліп алынған. Атап айтқанда, Балтабай Сейітмамытов, Дулыға Ақмолда, Олжас Абай, Медғат Өмірәлиев, Кенен Ақүрпеков сынды өнер иелері Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Сәдуақасовтардың образдарын сомдайды. «Тар заман» телехикаясы 12 бөлімнен тұрады. Ол қаңтар айында «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрсетіле бастайды. Хикаяның ықшамдалған нұсқасын көрермендер желтоқсан айында барлық кинотеатрлардан көре алады.

Серіктес жаңалықтары