203
Алматыда экс-тергеуші 6 жылға сотталды
Алматыда экс-тергеуші 6 жылға сотталды
Алматыда экс-тергеуші 6 жылға сотталды. Алматыда қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы аға офицері Бауыржан Оралғазин мен Жамбыл облыстық МКД ішкі қауіпсіздік басқармасының бұрынғы аға тергеушісі Ғазиз Жүзбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.
Судья Бауыржан Оралғазинді 6 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттету туралы үкім шығарды Ал Жамбыл облыстық МКД ішкі қауіпсіздік басқармасының бұрынғы аға тергеушісі Ғазиз Жүзбаевты 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Оралғазин ҚР ҚК 412, 367, 370, 190-баптары бойынша кінәсіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартып, аса ірі көлемде пара беруге мәжбүрлеп, алаяқтық жасады деген айып тағылды. Жүзбаевқа ҚР 416, 24, 190-баптары бойынша айғақтарды бұрмалау, алаяқтық жасады деген айып тағылған еді. Іс материалдарына сәйкес, Оралғазин жеке кәсіпкер - Қырғызстан азаматына қатысты бірқатар қылмыс жасаған. Атап айтқанда, оны лауазымды тұлғаларға пара берді деп, халықаралық іздеуге жариялаған. Мәжбүрлеп түсініктеме бергізіп, лауазымды тұлғаға 120 000 АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген. Бұл соманы Оралғазин өз мақсатында пайдаланғаны анықталған. Жүзбаев болса Оралғазинмен біріге отырып бірқатар қылмыс жасап, жәбірленушіні 20 000 АҚШ доллары көлемінде пара беруге мәжбүрлегені анықталды.