410
Күнкөріс минимумына шынымен күн көруге бола ма?
Күнкөріс минимумына шынымен күн көруге бола ма?
Келер жылы елімізде күнкөріс минимумының жүйесі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова хабарлады.
Хабар 24 арнасының хабарлауынша, осы уақытқа дейін бұл көрсеткіштің 60%-ы азық-түлікке, ал қалған 40%-ы басқа тауарларға тиесілі болып келді. Бірақ соңғы жылдары халықтың қажеттілігі өзгеріп келеді екен. Сол себепті күнкөріс минимумының 55%-ы ғана тамаққа есептеледі.
Сонымен қатар Светлана Жақыпова келер жылы зейнетақы көлемі биылғымен салыстырғанда 20%-ға өсетінін еске салды. Енді төлемақының бұл түрі әр азаматтың еңбек өтіліне байланысты беріледі.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
- Әр зейнеткерке еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы бірдей төленетін. Ол 14 мың теңгені құрайды. Енді біз келесі жылдан бастап еңбек өтілін санаймыз. Еңбек өтілі 1998 жылға дейін қалыптасқан, зейнетақы жинақтауға жарналар берген кезеңдері саналады.