Еңбек өтілі жоқ зейнеткерлер көп

Еңбек өтілі жоқ зейнеткерлер көп

Еңбек өтілі жоқ зейнеткерлер көп
ашық дереккөзі
Зейнетке шығу үшін еңбек өтілі міндетті ме? Еңбек өтілі зейнетақы көлеміне әсер ете ала ма? Қазақстанда 12 мың зейнетақы алушының еңбек өтілі жоқ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. «Зейнетақы алушылар саны бойынша бізде екі көрсеткіштің бар екенін ескерген жөн. Бірінші көрсеткіш - базалық зейнетақы алатындар, олардың саны бүгінде 2 млн 139 мыңды құрайды. Екінші көрсеткіш - ынтымақтастырылған зейнетақы алатын 2 млн 127 мың адам", - деді вице-министр. С.Жақыпова екі көрсеткіш арасындағы айырмашылық себебін түсіндіріп берді. «Себебі, олардың арасында еңбек өтілі жоқ, базалық зейнетақы ғана тағайындалған қарттар бар. Яғни, 2 млн 139 мың және 2 млн 127 мың адамның арасындағы айырмашылық осы - еңбек өтілі атымен жоқ 12 мың адам", - деп түсіндірді ол.