Министрлік шаруалардан астық сатып алуды қарастыруда

Министрлік шаруалардан астық сатып алуды қарастыруда

Министрлік шаруалардан астық сатып алуды қарастыруда
ашық дереккөзі
Ауылшаруашылығы министрлігі шаруалардың астығына қолқа салуда.   «Қазіргі уақытта қосымша астық сатып алу мәселесі талқылануда. Түрлі мәселе бар. Мәселен, астықтың бір бөлігін сатып алсақ, онда ол шағын ғана бөлігі болады және нарықта наразылық тудырады. Бірнеше миллион емес тек қана 500 мың тонна сатып алар болсақ, онда да «менен неге сатып алмады» деген сұрақ туындайды. Сондықтан қазіргі уақытта бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз. Мүмкін басқа құралды қолдану тиімді болар», - деді ол Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінде «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арасында штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Альберт Рау диқандардан қосымша астық сатып алу мәселесін көтерген болатын. «Қазір ғана «ҚазАгро» төрағасымен сөйлестім, сатып алынған 115 мың тонна астық нарыққа ешқандай тиімділік бермейді. Нарық қозғалмай тұр. Алыпсатарлар осыны пайдаланып, диқандарымызға қысым көрсетуде»,-  деген еді Альберт Рау.