241
Еуропа жақындай түсті. Еуропаға рейстер ашылуда
Еуропа жақындай түсті. Еуропаға рейстер ашылуда
2018 жылы Астана — Вильнюс, Алматы — Рига, Астана — Бухарест жаңа рейстерін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті.
"Қазақстандық SCAT әуе акомпаниясы 2018 жылдың мамырынан бастап Астана — Вильнюс бағытында халықаралық рейс ашуды көздеп отыр. Латвиялық Air Baltic әуе компаниясы Рига – Алматы бағытында рейс ашады", — деп нақтылады комитет.
Румыния елшілігінің мәліметінше, "Таром" румын ұлттық әуе тасымалдаушысы Астана — Бухарест рейсін ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.