Жүрек соғысы тоқтағанда адам не сезеді?

Жүрек соғысы тоқтағанда адам не сезеді?

Жүрек соғысы тоқтағанда адам не сезеді?
ашық дереккөзі
3111
Өлгеннен кейін адамдар өзінің бақилық болғанын түсініп, айналасында не болып жатқанын сезеді. Нью-Йорк университеті жанындағы Langone медицина мектебінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости-ге сілтеме жасап. "Әдетте дәрігерлер адамның қайтыс болғанын жүректің тоқтауымен анықтайды: миға қан келмеудің салдарынан оның жұмысы әп-сәтте тоқтайды. Ақыр соңында ми жасушалары өле бастайды, бірақ бұған клиникалық өлімнен кейін бірнеше сағат қажет", — дейді зерттеу жетекшісі Сэм Парниа. Ғалымдардың айтуынша, адам санасы жүрек соғысы тоқтағаннан кейін бірден өшіп қалмайды. Адамдар "өлімнің бірінші фазасында" айналасында не болып жатқанын сезіп, түсініп жатады. Мұны клиникалық өлімді бастан кешірген науқастардың өздері дәлелдеп отыр. "Олар клиникалық өлімнен кейін дәрігерлер мен медбикелерді жұмыс барысында көргенін, не туралы сөйлескендерін айтып бере алады",- дейді Парниа.  

Серіктес жаңалықтары