Желтоқсанда ел тұрғындары неше күн демалады?

Желтоқсанда ел тұрғындары неше күн демалады?

Желтоқсанда ел тұрғындары неше күн демалады?
ашық дереккөзі
Қазақстанда желтоқсан айында екі мемлекеттік мереке аталып өтеді. Осыған орай ел тұрғындары қосымша үш күн демалады.  1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні, биыл бұл мереке жұмаға келіп тұр, сондықтан қазақстандықтар 1-3 желтоқсан үш күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік жұмыс аптасына қатысты, аптасына алты күн еңбек ететіндер 2 желтоқсанда жұмысқа шығады. Тәуелсіздік күнін Қазақстан халқы 16-17 желтоқсанда мерекелейді. Мейрам күндері биыл сенбі мен жексенбіге келіп отыр. Осыған байланысты мерекелік демалыс күндері келесі екі күнге көшіріледі. Осылайша қазақстандықтар 16-19 желтоқсан қатарынан 4 күн демалады.