Сыр бойының рекордтық көрсеткіші қайталанды

Сыр бойының рекордтық көрсеткіші қайталанды

Сыр бойының рекордтық көрсеткіші қайталанды
ашық дереккөзі
282
Облыстың үздік диханшыларын марапаттап, егін жинау науқанын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылатын «Алтын дән-2017» салтанатты жиыны өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат. Өңір тарихында алғаш рет астық көлемі жарты миллионнан астам тоннаны құрады. Орташа есеппен күріштің әр гектарынан 55,3 центнерден астық жиналды. «Алтын дән-2017» салтанатты шарасы аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагерлеріне Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. Облыс әкімі ардагерлерге аграрлық салада жеткен жетістіктері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мысалы, агроөнеркәсіптік кешенді және экспорт үлесін ұлғайту бойынша жүзге жуық жоба іріктеліп алынған. Олар іске қосылғанда екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. «Өткен аптаның аяғында  мен облыстың делегациясын басқарып арнайы Иран Ислам Республикасының Мазандаран және Гүлістан провинцияларына сапармен барып, ирандық кәсіпкерлермен ирандық күріш сорттарын облыста өндіруді қаржыландыру және өндірген өнімді түгел Иранға экспорттау жөнінде ұзақ мерзімді келісімге келдік. Биыл күріштің алғашқы 60 тоннасын Иранға экспортқа жіберетін болсақ, болашақта ирандық күрішті 5 мың гектарға егіп, кем дегенде 10 мың тонна күріш экспорттау жоспарланып отыр. Келешекте ирандықтар 1 млн тоннаға дейін күрішті Қызылорда облысынан алуға мүдделі екендіктерін мәлімдеді», - деді облыс әкімі. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 48,3 пайызға өсті, ал күріштің экспорты 53 пайызға артты. Ресейлік компаниялар шамамен 6 мың тонна көкөніс және бақша дақылдарын сатып алды. Сонымен қатар, 1944 бас қой Иран Ислам Республикасына және БАӘ жіберілді.  

Серіктес жаңалықтары