Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Латын әліпбиіне көшу –  заман талабы
ашық дереккөзі
822
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан латын әліпбиін енгізу қажеттігін айтқаны баршаға мәлім. Шын мәнінде, латын әліпбиіне көшу – қазақ елі үшін рухани құбылыс, елдігіміз бен егемендігімізді танытатын көрсеткіш. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамас деп сенемін. Оның үстіне, латын қарпіне ауысу қазақ халқы үшін таңсық дүние емес. ХХ ғасырда латын қарпінің негізінде жасалған жазу үлгісін қолданған болатынбыз. Ал латын әліпбиіне қайта ауысар болсақ, ел тарихына қайта көз салып, тарих қойнауындағы құнды жәдігерлерімізді қайта ашуға мүмкіндік аламыз. Жаңа технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі заманда латын қарпіне көшу еліміз үшін тиімді болары анық. Өйткені жаңа әліпби арқылы ағылшын тіліндегі ақпарат пен түркі дүниесінің мол мұрасына қол жеткізуге мүмкіндігіміз артады.  Жаңа әліпбиді игеру аса үлкен қиындық тудырмауы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Сондықтан, ана тілімізді әлемнің дамыған тілдерінің қатарына қосатын жақсы жаңалыққа жанымыз жадырады.  

Әсемхан ҚАЙНАРБЕКОВ,

Қазақ қатынас жолдары

университетінің

оқу ісі жөніндегі проректоры,

техника ғылымдарының докторы

Серіктес жаңалықтары