Brexit бойынша келіссөздер Тереза Мэйдің көңілінен шықты

Brexit бойынша келіссөздер Тереза Мэйдің көңілінен шықты

Brexit бойынша келіссөздер Тереза Мэйдің көңілінен шықты
ашық дереккөзі
299
Brexit-ке қатысты келіссөздер барысы Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің көңілін көншітіп отыр. Ол Қауымдастар палатасы алдында Еуроодақ саммитіне жасаған сапары жайлы есеп беріп, бұл келіссөздердің табысты өтетініне сенімділік танытты деп хабарлады 24.kz. Сондай-ақ британ парламенті келісімді қабылдауға Еуроодақ елдерінен бұрын дауыс беретінін де айтты. Тереза Мэйдің сөзінше, Brexit келіссөздерінде Солтүстік Ирландияға қатысты елеулі ілгерілеуге қол жеткізілген. Еуроодақ пен Ұлыбританияның адам құқығы турасындағы ұстанымдары ресми Лондон одақтан шыққаннан кейін де өзгермейді. Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі: - Тараптар желтоқсан айында өзара мәмілеге келетініне сенімдімін. Британия 2019 жылы наурызда Еуроодақтан іргесін ажыратқаннан кейін де Еуропаның сенімді серіктестігі болып қала береді. Ал Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер: «келіссөздерді жалғастырмас бұрын Лондон Brexit-тің өтемақысын төлеуі тиіс», – деді. Ресми Брюссель Ұлыбритания одақтан шыққаны үшін 60-пен 100 млрд еуро аралығындағы қаржы беруі тиіс дегенді алға тартып отыр. Бірақ бұған дейін Тұманды Альбиондағылар өтемақы тек 20 млн еуро көлемінде болуы мүмкін екенін айтқан.  

Серіктес жаңалықтары