Депрессияны жазатын шұбат

Депрессияны жазатын шұбат

Депрессияны жазатын шұбат
ашық дереккөзі
354
Францияның сүт өнімдерімен танымал  «Danone» компаниясының зертханаларында түйе шұбаты зерттелуде. Француз ғалымдарының айтуынша, шұбат күйзелісті жеңуге көмектеседі екен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар мәслихатында Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьен мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақ  халқы тұтынатын ұлттық асты зерттеп, соның нәтижесінде өнім ұсыну жетістікке жеткізбек. «Бұл жақта айран, шұбат және қымызды көптеп тұтынатынын білемін. Мен осы өнімдерді бір жолға қоя білсе, зор табысқа кенелуге болатынына сенімдімін. Себебі шұбат өте керемет сусын. Айранның да дәмі ерекше. Ал өз басым, қымызды жақсы көремін. Француздар қымыздың дәміне үйренген жоқ. Өнімге сұранысты арттыру үшін француздарды қымызға үйрету керек! Өткенде Шығыс Қазақстанға барғанымда маған қымыз ұсынды. Қызығып кеткенім соншалық, екі литрін өзіммен ала келдім», – дейді елші. Франсис Этьеннің айтуынша, Қазақстанда шетелдік нарыққа ұсынуға тұрарлық сусындар бар. Әсіресе, шұбат депрессияда жүргендерді жаза алатын таптырмас сусын екен. «Danone» қазіргі уақытта шұбатты зерттеп жатыр. Ең бастысы, француздарға бұл жақтағы өнімдердің дәмін үйрету керек! Егер нарықта сұранысқа ие болуына бірлесе күш салсақ, шұбатты Францияда өндіруге болады», – деп түйді ойын Франсис Этьен. Жалпы, халқымыздың қай сусыны аса пайдалы. Ақ ішпеген адамның иммунитеті әлсіз болатыны, аш жыландай ирелеңдеп қалатыны бесенеден белгілі. Мәселен, қымыз құрт ауруына, жүрек-қан тамыры ауруларына таптырмас ем.

Серіктес жаңалықтары