Екпеден бас тартатындар көп

Екпеден бас тартатындар көп

Екпеден бас тартатындар көп
ашық дереккөзі
273
Министрліктің статистикалық есебі жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін халықты әлеуметтік жұмылдыруға қатысты 2017-2019 жылдарға арналған ведомствооаралық жоспардың уақтылы екенін растап отыр: екпеге қарсы адамдардың саны 37.3 пайызға өсті. Олардың 45,7 пайызы жеке ұстанымдарына сай бас тартса, 41,9 пайызы діни нанымдарына орай қарсы. Екпеден бас тартқандардың 50 пайызы  - Алматы және Ақтөбе облыстары тұрғындары. ДДҰ-ның вакциналаумен қамту бойынша ұсынымдарына сай, иммундаудың жалпы пайызы әзірге қанағаттанарлық деңгейде, бірақ беталысы алаңдаушылық тудырады. Қазақстанның алдын-алу екпелерінің күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес келеді (Осыған ұқсас графикалар Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапонияда қабылданған) және туберкулез, вирусты «В» гепатиты, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, b типті гемофильді инфекция, полиомелит, пневмококк инфекциясы, паротит, қызылша. Бұл аурулар өлім қаупі мен мүгедектікпен байланысты болғандықтан, күнтізбеге енгізілді. Статистикаға сай, нәресте өлімі елде 1000 жаңадан туған сәбидің 8,60-ын құрайды (2016 жылдың дерегі). Оның басты себептері - перинаталдық кезеңдегі жағдай, оның ішінде сепсис, дамудың тумысынан біткен ақаулары, қайғылы оқиғалар және пневмония. Нәресте сепсисі мен пневмонияны әдетте Streptococcus pneumoniae қоздырады. Ведомствоаралық Жоспар екпеден бас тартулар бойынша статистиканы азайтуға бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігі халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, акция, дөңгелек үстел, дін істері бойынша жергілікті басқарма өкілдерінің қатысуымен форумдар өткізуді жоспарлап отыр. Медицина қызметкерлері үшін вакциналауды қауіпсіз жүргізу және коммуникативтік дағдыларын көтеру бойынша біліктілік семинарлары өтіп жатыр. Екпені қолдамайтындардың «қарсы пікірлерімен» барлық деңгейде жұмыс істеу қажет.  

Серіктес жаңалықтары