Елімізде балалар үйі азайып келеді

Елімізде балалар үйі азайып келеді

Елімізде балалар үйі азайып келеді
ашық дереккөзі
359
Бүгінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азайып, 27 мыңды құрап отыр. Бұл – еліміздегі жалпы бала санының 0,5%-ы. Оның ішінде 21 мың баланы қазақстандық азаматтар асырап алса, қалғаны жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлады. Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ержан Ерсайыновтың айтуынша, ата-ана қамқорлығынсыз қалған өрендер үшін отбасылық құрылымды жетілдіру қажет. Бала асырап алуға бел байлаған ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу керек. Бұл туралы 24.kz арнасының репортажында кеңінен көрсетілді. Ержан Ерсайынов, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а.: - Жетім балалар мәселесін шешу үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 6 млрд теңге бөлініп келеді. Соңғы екі жыл ішінде балалар үйінің саны 48-ге қысқарды. 4 мыңнан астам тәрбиеленуші тұрақты отбасын тапты. Ал асырап алудан бас тартқаннан кейін бүлдіршіндердің балалар үйіне қайта оралу жағдайлары 200-ге жуықтайды. Әлеуметтік жетімдік мәселесін шешу мақсатында қоғамдық ұйым өкілдері жетім баланы асырап алушы ата-анасына тапсырмас бұрын оған арнайы тәлімгер бекіту жобасын дамытып келеді. Бүгінде Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларында 81 бала өз тәлімгерін тапты. Бүгінде балаға тәлімгер болуға ниет білдірген 842 үміткердің ішінен тек 96-сы іріктелді. Өтпелі кезеңге таяған баланың тәрбиесін қадағалайтын тәлімгердің жасы 25-тен асуы қажет. Оның негізгі міндеті – баланың жан жолдасына айнала білу. Бала дайын болғанда асырап алушы ата-анасына тапсырылады. Тәлімгерімен де байланысын үзбейді.

Серіктес жаңалықтары