229
Айыппұл қымбат деушілер көп
Айыппұл қымбат деушілер көп
Қазақстан азаматтары бұзушылықтарға салынатын 3 айыппұлдың көлемін тым жоғары деп есептейді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында партиясы хатшысы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтардың басым бөлігі негізінен екі мәселе бойынша жүгінеді. Оның бірі жол қозғалысы ережесі саласындағы айыппұлдардың көлеміне, ал екіншісі лауазымды тұлғаның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты болып келеді.
«Сонымен қатар азаматтар тарабынан бүгінгі күнгі қолданыстағы айыппұл көлемдерінің халықтың табыс көлемімен сәйкестігіне қатысты мәселелер жиі көтеріледі. Айтпақшы, бұл проблема заң жобасында да көрініс тауып отыр. Осы мәселеге байланысты «Нұр Отан» партиясы жанындағы саяси сараптамалар және әлеуметтік зерттеулер орталығы арнайы психологиялық зерттеу жүргізді», - деді Годунова.
Партия хатшысы жария еткен аталған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, халықтың пайымынша, үш бұзушылыққа қатысты айыппұлдардың көлемі тым жоғары.
«Біріншісі - жол жүру ережесін бұзу. Сауалнамаға қатысушылардың 55 пайызы осылай деп жауап берген. Яғни, еліміздің әрбір екінші тұрғыны айыппұл көлемі жоғары деп санайды. Екіншісі - салық заңнамасын бұзу. Бұл - 35 пайыз. Бұл пікірді әрбір үшінші азамат білдірген. Ал үшіншісі - рұқсат етілмеген жерде ішімдік ішу, шылым шегу. Сауалнамаға қатысушылардың 35 пайызы немесе әрбір үшінші қазақстандық айыппұл көлемі тым жауап берген», - деді партия хатшысы.