Қазақстан 2016 жылы исламдық сукук құнды қағазын шығаруды қолға алмақ

Қазақстан 2016 жылы исламдық сукук құнды қағазын шығаруды қолға алмақ

Қазақстан 2016 жылы исламдық сукук құнды қағазын шығаруды қолға алмақ
ашық дереккөзі
315

Қазақстан келесі жылы исламдық сукук құнды қағазын шығаруды жоспарлап отыр. Ел экономикасына Қазақстан өз экономикасына исламдық капиталды кеңінен енгізудің мүмкіндіктері мен түйткілді мәселелері Алматыда өткен исламдық қаржыландырудың 12-ші Саммитінде талқыланд, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы. 12-ші исламдық қаржы қызметтері Саммиті ТМД елдері арасында алғаш рет Алматыда өтті. Әлемдік деңгейдегі беделді тұлғалар осы саланы дамыту барысында кедергілерді жою мен болашақ жайын талқыға салды. Айтуларынша, Қазақстан нарығының болшағы зор. Әлем сарапшылары да еліміздің Орта Азиядағы қаржы орталығына айналатына күмән келтірмейді. Бүгінде оның алғашқы іргетасы қаланып та үлгерді. ТМД елдерінің ішінде алғаш Алматыда Әл-Хилал банкі ашылып, екі жыл бұрын сукук құнды қағазы шығарылды. Әлі де жоспар жетерлік. «Қазақстан үшін исламдық қаржыландырудың маңызы зор. Өйткені біз қаржы дағдарысын айналып өттік. Ислам қаржысының этикалық стандарттары жоғары, әлеуметтік әділдікке баса назар аударады. Әлемде бұл салаға сенім қалыптасқан. Қазақстан аз ғана уақытта ислам капиталы нарығын дамыта алады»,- деді IFSB бас хатшысы Жасим Ахмад. Жаһандық дағдарыс алпауыт мемлекеттерге кері әсер еткенмен, ислам банкингі үшін қолайлы болып отыр. Ол керісінше, қадамын қарыштап басып, дамып келеді. Мәселен, соңғы жылдары сукук құнды қағаздары арқылы инвестиция жасау көлемі 19 пайызға, ал оған салынған капитал көлемі 17 пайызға өскен. Дүниежүзі бойынша 112 Ислам банкі болса, оның бірі Алматыда орналасқан. Жуырда оның қатарына тағы бір коммерциялық ұйым қосылмақшы. Екі банкте жеке нарықта жұмыс істейді. Демек, шариғатқа сүйене отырып, несие келісімінсіз, пайызсыз қызмет етеді. Ұлттық банк пен қаржы министрлігі келесі сукук құнды қағазын 2016 жылы шығаруды қолға алмақ. Бұл тұрғыда елімізде тәжірибе бар. Үш жыл бұрын Даму банкі аль-Мубараха сукугын 240 млн. малайзиялық ринггитке жылдық үстемақысы 5 жарым пайызбен 5 жылға орналастырған еді.

Серіктес жаңалықтары