Атамбаев жол апатынан көз жұмған вице-премьердің өлімін алдағы сайлаумен байланыстырды

Атамбаев жол апатынан көз жұмған вице-премьердің өлімін алдағы сайлаумен байланыстырды

Атамбаев жол апатынан көз жұмған вице-премьердің өлімін алдағы сайлаумен байланыстырды
ашық дереккөзі

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев көлік апатынан көз жұмған вице-премьердің өлімінің алдағы сайлауға қатысы бар деп ойлайды. Бұл туралы  kaktus.media сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

 Атамбаев мемлекеттік марапаттарды табыстау рәсімінде вице-премьер-министр Темір Жұмақадыровтың қазасына қатысты пікір білдіріп, оның жақындарына көңіл айтты.
"Темір Жұмақадыров - менің сүйікті шәкірттерімнің бірі, ол небәрі 38 жаста еді. Мен бұл адамды еліміздің басшыларының бірі ретінде көретінмін. КамАЗ неліктен қарсы бетке шықты? Сайлауға бар-жоғы бір апта қалды. Мен бұл жайтқа қатысты үнсіз қала алмаймын. Билік сайлауды лас жүргізуде деген сыбыс тарап жатыр. Менің жолдастарымның дені сайлау әділ өтуі үшін күресте зардап шекті. Кейбірі қаза болды. Мен де Темір Құрманғазұлы секілді өліп кетпесем, әркімнің сазайын тарттырамын. Алайда сайлау әділ өтеді", - дейді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.