Головкин мен Альварестің жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды

Головкин мен Альварестің жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды

Головкин мен Альварестің жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Daily Mail басылымы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің Лас-Вегаста өткізген жекпе-жектен алған ақшасының нақты мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Ресурстың хабарына сүйсенсек, Головкиннің табысы 25 миллион долларды құраған (18,5 миллион фунт стерлинг), ал Альварес 35 миллион доллар көлеміндегі табысқа ие болған (25,9 миллион фунт стерлинг). Осы орайда GGG және «Канелоның» базалық табысы о баста сәйкесінше 3 және 5 миллион доллар деп бағаланғанын айта кетейік. Бұған айқас билеттері мен ақылы трансляциядан боксшылардың алатын үлесі кірмейді.