Мексикалық боксшы Сауль Альварес биыл ешбір жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның нақты қашан өтетінін айта алмаймын, бір ғана нақты білетінім – Канэлоның дәуірі келді», – деп атап өтті Альварес Геннадий Головкинмен айқасынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуі – Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылып, ешкім күтпеген нәтижемен аяқталған еді.
Төрешілер екі боксшының қайсысы басым болғанын анық көрсетпей, тең түсті деген баға берді.
Осылайша, 37 жекпе-жегін тек жеңіспен аяқтап келген Головкин спорттағы мансабында алғаш рет теңдей жұдырықтасты.
Ал осы уақытқа дейін 49 кездесу өткізіп үлгерген «Канело» осымен екінші рет қарсыласымен тең түсті деген нәтиже көрсетті.