260
ТҮРКСОЙ-ға мүше 19 елдің жазушы-редакторлары латын қарпіне өтуді қолдады
ТҮРКСОЙ-ға мүше 19 елдің жазушы-редакторлары латын қарпіне өтуді қолдады
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше 19 елдің жазушы редакторлары латын қарпіне өтуді қолдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында 2017 жылғы 12-13 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия жазушылар одағының қолдауымен өтетін конгреске 19 елден 30-ге жуық редакторлар мен жазушылар, көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысты. Түркия, Иран, Ирак, Қырым (Украина), Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай (РФ), Дағыстан (РФ), Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ), Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Косово, Македония, Солтүстік Кипрдан және Қазақстанның бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасады. Конгресс барысында Қазақстанның латын қарпіне өту мәселесі қызу талқыланды.
Жиын барысында, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ: «Латын әліпбиіне көшу - Сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам. Түркі Елдерінің ақсақалы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы тарихта алтын әріптермен орын алары сөзсіз», - деген пікір білдірді. Сондай-ақ, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлу: «Қазақ елінің Латын қарпіне көшуі бастамасын құптарлық бастама. Бұл дегеніміз Түркі елдерінің бауырластығы тек тілінде ғана емес жазуында да жақындай түседі деген сөз», - деген ыстық лебізін жеткізді. «Түркістан - түркі мәдениетінің астанасы» мәдени жобасының аясында өткізілетін конгресс жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет және т.б. әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің қатысты.