"Алтын допқа" үміткерлердің есімі анықталды

/
"Алтын допқа" үміткерлердің есімі анықталды

Биылғы «Алтын допқа» үміткерлердің жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Беделді GOAL басылымы 2026 жылғы «Алтын допқа» үміткерлердің ағымдағы рейтингін жариялады. Дереккөздің мәліметі бойынша, жеке жүлдеге қазіргі уақытта «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн мен «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе фаворит.

Кейн рейтингте көш бастап тұр, ол осы маусымда 40 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді, сондай-ақ Германия Суперкубогын жеңіп алды. Мбаппе 41 гол және сегіз нәтижелі паспен екінші орында. «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд 40 гол және алты нәтижелі паспен үздік үштікті түйіндеді.

Алғашқы ондыққа Ламин Ямаль («Барселона»), Майкл Олисе («Бавария»), Витинья («Пари Сен-Жермен»), Деклан Райс («Арсенал»), Луис Диас («Бавария»), Рафинья («Барселона») және Лионель Месси («Интер Майами») кірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары