Қырғызстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтті

Қырғызстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтті

Қырғызстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтті
ашық дереккөзі
Қырғызстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтті. Соған байланысты бүгін республикада салтанатты шаралар болады.  Қырғызстанда Тәуелсіздік күні демалыс жарияланған. Бішкектегі мерекелік салтанат орталық алаңдағы ресми шаралармен басталады. Мерекелік шаралар астана аудандарында да өтеді. Кешке дәстүрлі отшашу болады. Қырғызстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Мемлекет басында 15 жыл отырған республиканың бірінші президенті Асқар Ақаев 2005 жылы 24 наурызда биліктен тайдырылды. Сол жылы оның орнын басқан Құрманбек Бакиев те елдегі келесі бір төңкеріс нәтижесінде қызметінен қуылды. 2010 жылғы сәуір оқиғасынан соң Уақытша үкіметті басқарған Роза Отынбаева сол жылы 27 маусымдағы жалпыхалықтық референдумда мемлекет басшысы болып сайланды. Бір жылдан соң ол билікті қазіргі президент Алмазбек Атамбаевқа берді.