254
Әлемдік рейтингте Алматы қаласының көрсеткіші неліктен төмендеп кетті?
Әлемдік рейтингте Алматы қаласының көрсеткіші неліктен төмендеп кетті?
GaWC деп аталатын әлемдегі ірі қалалардың рейтингінде Алматы қаласы ең төменгі көрсеткішке ие болды. Бұл соңғы төрт жылдағы нәтиже. Бұл туралы qazaqtimes хабарлады.
2016 жылғы сараптама нәтижесіне мән берсек, қазақстандық мегаполис 220 қала енген тізімде соңғы орынға табан тіреген және Sufficiency (жеткілікті) деп аталатын топқа енген. Бұл рейтингтің ең төменгі дәрежесі. 2012 және 2016 жылдар аралығында қаланың рейтингі 100 есеге төмендеді деуге болады. Мысалы 2012 жылы Алматы 135 орында және Beta- тобында болды. Gamma+ тобындағы Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан бұрын тұрған. Қазіргі кезде ресейлік қала әлі сол топтың тізімінде. Рейтинг көшбасшылары Лондон мен Нью-Йорк.
Сондай-ақ, үздік нәтижемен алғашқы ондыққа Сингапур, Гонконг, Париж, Бейжің, Токио, Дубай, Шанхай кірген. Ал ең төменгі көрсеткіштегі ондық тізіміне Алматымен бірге Лестер, Сана, Фукуока, Гонолулу, Киншаса, Ломе, Сальвадор, Гояния, Алигарх кіреді. Айта кетейік, GaWC индексі жаһандану бойынша қалалардың дамуын және өзге қалалармен қатынасы қандай екенін көрсетеді. Қалалардың рейтингін анықтауда халықаралық бизнес, тұрақтылық, қала саясаты және логистика сияқты факторлар негізге алынады.