1674
Күннен қуат алатын заманауи киіз үй
Күннен қуат алатын заманауи киіз үй
Ақтөбеде күннен қуат алатын киіз үй қондырылды. Кәсіпкер бақташыларға арналған екі қабатты үйге бейнебақылау камерасын қондырып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе қаласының Сазды өзені маңындағы қырда алты қанатты киіз үй орнатылды. Екі қабатты киіз үйге ірі қара бағатын бақташы мен оның көмекшісі қоныстанған. Әр жылқыда GPS новигатор бар. Әрі биік жерге бейнебақылау камерасы қондырылған. Бұл жайылымда жүрген малды бақылап, қарап, қажет кезде айдап келуге ыңғайлы құрал.
Күннен қуат алатын батареямен жабдықталған киіз үйдің кереге, уық, шаңырағы бар. Тек пластикалық есік қондырылып, қабырғасы лего кірпіштен қаланған. Үйдің іші киізбен қапталды. Үй қыста пешпен жылытылады.
«Киіз үй заманауи үйден кем түспейді. Жуынатын бөлме, дәретханасы бар. Төменгі қабатта бақташы тынығады. Жатын бөлме жазда салқын, қыста жылы болады. Ыстық кезінде салқындатқыш пайдаланбаймыз»,- деді кәсіпкер. Кәсіпкер Ербол Байжарқынов алты қанатты 10 киіз үйді Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жанына орнатуды көздеп отыр. Этноауыл қала тұрғындары мен қонақтарының сұранысына ие болатынына сенімді.